Жаңа рекорд: 2,2 млн долларға сатылған аяқ киім

0
1008

Әлем тарихындағы ең үздік баскетболшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Джорданның Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) 1998 жылғы финалында киген «Air Jordan XIII» аяқ киімі күні кеше «Sotheby’s» аукцион үйіндегі сауда-саттықта 2,2 млн долларға сатылды. Сөйтіп, 60 жастағы америкалық баскетболшының аяқ киімі сауда-саттық тарихында ең қымбатқа сатылған аяқ киім ретінде жаңа рекорд орнатты.

Аукционда 2,2 млн долларға сатылған аяқ киім

Көзі тірі баскетбол аңызының киімдері мен аяқ киімдерінің аукцион арқылы қымбатқа сатылуы бірінші рет емес. Айталық, жоғарыда аталған Ұлттық баскетбол қауымдастығының ақтық кезеңінде киген оның футболкасын былтыр бір қалталы азамат 10,1 млн долларға сатып алды.

Бұған дейінгі аяқ киім үшін рекордтық сома да Майкл Джорданға тиесілі болды. 2021 жылы атақты баскетболшының «Nike Air Ships» аяқ киімі аукционда 1,47 млн долларға сатылған еді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here