Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында жалпы білім беретін мектептердің 100-ге жуық оқушысы Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасына барды.
Бақылау-өткізу пунктінде балаларды бригада командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев қарсы алды. Қысқа нұсқамадан кейін оқушылар бөлімнің аумағына кірді. Бірінші кезекте балаларға әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің негізгі міндеттері туралы айтылды.
Бөліммен танысу барысында оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті өмірі, әскери кәсіптің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпарат алды. Ал қызығушылық танытқан балалар Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен танысты.
Әрі қарай балаларды асханамен, спорт қалашығымен және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тұратын үй-жайлармен танысты.
Саптық алаңда балаларға арналған қару-жарақ пен әскери техника үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Әскери қызметшілер заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың, сондай-ақ байланыс құралдарының мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Оқушылар атыс қаруының әртүрлі үлгілерін бөлшектеп-жинауға, жалпы әскери қорғаныс киімін, оқ өтпейтін жилеттер мен кевлар дулығаларын киіп көруге мүмкіндік алды.
– Іс–шараның басты мақсаты өскелең ұрпаққа, Болашақ Отан қорғаушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың армияға деген қызығушылығын арттыру, – деді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Дінмұхамед Нұрақаев.
Балалардың айтуынша, экскурсиядан кейін олар үйлеріне заманауй әскеріміздің қандай екенін толық түсінген азаматтар болып оралды.
Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі