Жеті ақылы жолдан өткенде төлем әдістері туралы SMS-хабарлама келеді

0
555

Қазақстанда жалпы ұзындығы 2 200 шақырымды құрайтын 11 ақылы жол бар. Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты. Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады. Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған. 

«SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді. Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде («Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау»,»Алматы-Қонаев», «Алматы-Қорғас») SMS-хабарлама келмейді», – делінген компания мәліметінде.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here