Сағадат Нұрмағамбетов атындағы бокстан халықаралық турнир басталды

0
1068

«Достық» әмбебап спорт кешенінде бокстан халықаралық турнирдің ашылу рәсімі мен жекпе-жектің алдыңғы кезеңдері өтті. Жарыс Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовті еске алуға арналған. Оның басшылығымен бүгінгі Қарулы күштердің негізі қаланды. 2023 жылдың 25 мамыры – алғашқы қорғаныс министрінің туғанына 99 жыл.

– Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің өзіндік дәстүрі мен тарихы бар. Бұған дейін бұл жерде талай әйгілі былғары қолғап шеберлері жеңіске жеткен. Олардың ішінде ең атақты екі боксшы, Олимпиада және Азия ойындарының жеңімпаздары, әлем және Азия чемпиондары – Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов, сондай-ақ әлем чемпионы аға лейтенант Біржан Жақыпов бар. Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне арналған турнир – бұл шын мәнінде аңызға айналған тұлғаны жадымызда сақтау үшін өткізіліп отырған шара, – деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Шишигина.

Турнирге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан атынан 25 команда қатысуда. Барлығы 13 салмақта 177 боксшы өнер көрсетеді. Былғары қолғап шеберлерінің жарысы төрт күнге созылып, 25 мамырда аяқталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here