Шекара маңында тұратындардың айлығына 50 пайыз үстемеақы қосылады

0
586

Қазақстанда шекара маңындағы ауылдарға ерекше мәртебе беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қазақстанның ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілетін өзгертулер жобасынан белгілі болды.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатқа сүйенсек, шекара маңындағы аудандарда орналасқан ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін жалақыға 50% ауылдық үстемеақы енгізу мүмкіндігі қаралады. Сондай-ақ, төтенше табиғи-климаттық жағдайлары бар (жылыту маусымы 9 ай) шекара маңындағы аудандардың тұрғындары үшін 1 жыл еңбек өтілін 1,5 жыл етіп есептеу нормасы көзделеді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның 14 облысы Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстанмен шектеседі. Шекара маңындағы аумақтарда халық саны 3,4 млн адам болатын 65 аудан орналасқан.

«Шекара маңындағы 65 ауданның 40 ауданында халық санының азаюы байқалады, бұл көші-қон ағынымен және халықтың табиғи кемуіне байланысты. Халық негізінен Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарында азайып келеді», – делінген хабарламада.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here