Қорғаныс ведомстволарының мұрағатшылары тәжірибе алмасты

0
335

Шетелдік делегация өкілдерімен болған жұмыс кездесуіне Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының басшылығы қатысты.

Өзбек әріптестерді құжаттарды сақтау, есепке алу және оларға рұқсатнама беру тәртібі қызықтырды.

– Біздің бауырлас халықтарды ортақ тарихты қалпына келтіру мен сақтаудағы мақсат біріктіреді, – деп атап өтті Өзбекстан Қорғаныс министрлігі орталық мемлекеттік мұрағат бөлімшесі бастығының орынбасары Әзизбек Кабулов.

Өз кезегінде Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатының бастығы подполковник Талғат Құлжанов қағазға түскен құжаттарды цифрлық форматқа көшіру туралы айтып берді.

– Құжаттарды цифрландыру, стационарлық стеллаждарды жылжымалы стеллаждарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл орын алатын аумақты өзгертпестен сақтау сыйымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Күзге қарай мұрағаттағы барлық сөрелер жылжымалы болады, – деді ол.

Кездесуге қатысушылар екінші дүниежүзілік соғыс майданынан оралмаған аталарымызды еске алу қажеттілігімен іздеу жұмыстарына қатысты мәселелерді де талқылады. Мұндай қызмет жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу саласында өте маңызды. Мұрағатшылардың пікірінше, сол кездегі деректі фактілерді біртіндеп жинау керек. Бұл бағытта жұмыс істеу бірлескен күш-жігерді қажет етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here