Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов Абай облысында болып, аймақ тұрғындарымен кездесті.
Сенатор өңірге сапар барысында Абай облысының Аягөз ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, емханалардың жұмысымен және қала құрылысындағы проблемалармен танысты.
«Сенаттың қазіргі кездегі негізгі міндеттерінің бірі – өңірлердің мүддесін білдіру болып табылады. Осыған байланысты біздің жұмысымызға жергілікті маңызы бар проблемалық мәселелермен танысу аса маңызды. Сондықтан өңірлердің тұрғындарымен мұндай кездесулердің бізге көмегі зор. Сіздер көтерген барлық мәселелерді ұдайы бақылауда ұстайтын боламыз», – деді сенатор.
Сенатор сонымен қатар өңірдегі «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру барысымен де танысты.