20 шілде күні тамыз айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау басталады. Өтінімдер 30 шілдеге дейін қабылданады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.
ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. Тестілеудің өзі 10 тамызда басталады.
Министрліктің ақпаратынша, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлерге тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік береді. Тіркелу кезінде тест тапсыратындар емтихан өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.
Барлық бес ҰБТ-ның қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.