Дене шынықтыру және спорт бастықтары біліктілігін арттыруда

0
377

Орталық спорт клубында ҚР Қарулы күштері дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиын барысында биылғы оқу жылы қорытындыланып, келесі оқу кезеңіне жаңа міндеттер қойылды.

Әскери қызметшілерге арналған сабақтар әртүрлі спорт түрлерінен чемпионаттар мен жарыстардың төрешілерін ұйымдастыруға арналды. Жиынға қатысушылар Орталық спорт клубының алдағы қызмет тұжырымдамасының негізгі ережелерімен де танысты.

– Бұл шара дене шынықтыру және спорт бастықтарының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Жиын барысында қатысушылардың тәжірибе алмасуға, сабақтарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін зерделеуге мүмкіндіктері болды, – деді оқу жиынының міндеттерін атап өткен Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Жиын соңында дене шынықтыру және спорт бастықтары шағын футболдан өткен жолдастық матчқа қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here