Джорджа Мелони Қазақстан Президенті жайында: Ең сындарлы көшбасшылардың бірі

0
571
Фото: Ақорда. Джорджа Мелониге қазақы құрмет көрсетілді

Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ең сындарлы көшбасшылардың бірі деп атады.

– Шақырғаныңызға, жылы қабылдағаныңызға және осындай нәтижелі келіссөздер үшін ризашылығымды білдіремін. Сіз өмірімде кездескен ең сындарлы көшбасшылардың бірі екеніңізді атап өткім келеді. Осынау қиын-қыстау заманда ағымдағы жағдайдың күрделілігін түсінетін адаммен сөйлесу шынымен де өте пайдалы. Барлық сын-тегеурінге қарамастан жақсы жаңалықтар да бар. Оның бірі Қазақстан мен Италия қарым-қатынасына қатысты. Бұл бағытты осы сапар аясында әлі де болса дамыта түсуге тырысамыз, – деді Италия Үкімет басшысы Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында.

Ол мемлекеттердің екіжақты қарым-қатынасы шын мәнінде жоғары деңгейде екенін баса айтты. Дегенмен, осыған қарамастан оны одан әрі жақсартуға мүмкіндіктер бар екеніне де тоқталды.

– Дәл сол мақсатта келіп отырмын. Бұл ең алдымен осы өңірдегі Шығыс пен Батыс арасының түйіскен жері саналатын еліңізді мойындау саналады. Мұндай кездесу барлығымыз үшін де өте пайдалы екені сөзсіз. Осылайша, біз белгілі бір көмек беруге де дайынбыз. Себебі, біз осы өңірдегі еліңіздің маңыздылығын түсінеміз, – деді Премьер-Министр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here