The Telegraph: АҚШ ядролық қаруды Ұлыбританияға қайтарады

0
666

26 қаңтар күні The Telegraph газеті АҚШ ядролық қаруды Ұлыбританияға қайтаратынын жазды. 170 жылға жуық тарихы бар британ газеті АҚШ Қорғаныс министрлігінің құжаттарына сілтеме жасап хабарлады.

Вашингтон қазірдің өзінде екі F-35 жойғыш ұшақтарын Лондонға жеткізіп беру ниетін жариялады. Осылайша, АҚШ соңғы 15 жылда алғаш рет Ресейден келер қауіп-қатер аясында Ұлыбритания аумағында ядролық қаруды орналастырады. Өйткені, «2008 жылы Лейкенхит әуе базасынан қырғи-қабақ соғыстан бері Мәскеуден келер қауіп азайды» деп АҚШ Ұлыбританиядан алып кеткен еді.

Пентагон құжаттарына сенсек, АҚШ-тың ядролық қаруы Ұлыбританияның Саффолк елді мекеніндегі Лейкенхит әуе базасында орналасады. Британ газетінің жазуынша, B61-12 бомбаларының қуаты 50 килотонға жетуі мүмкін. Бұл 1945 жылы тамызда Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом қаруының қуатынан үш есе жоғары. Дегенмен, АҚШ Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты ресми түрде растамады немесе жоққа шығарған жоқ. «АҚШ одақтас елдердегі әскери нысандарын үнемі жаңартып отырады, ал газет зерттеген құжаттар туралы ақпарат жариялауға жатпайды», – деп қысқа қайырды АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here