Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 262 мың теңгеге дейін өседі

0
391

2025 жылғы 20 мамырда Үкімет отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 1 қыркүйектен бастап студенттерге берілетін шәкіртақы мөлшері өсетінін мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, шәкіртақы мөлшері келесідей болады:

  • бакалавриат үшін – 52 372 теңге;
  • магистратура – ​​117 098 теңге;
  • докторантура – ​​262 500 теңге.

Бакалавриат деңгейіндегі шәкіртақы мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге, ал магистратура мен докторантурада 1,75 есеге артады.

«Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жатақханадағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500 орыннан 2024 жылы 14 873 орынға дейін азайды. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жатақханадан орын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілетінін атап өткім келеді», – деді Талғат Ілиясұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here