Әскери қызметшілер төтенше жағдай қызметіне көмектесті

0
363

Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері ТЖ қызметіне көмектесті. Атап айтқанда, 99250 әскери бөлімінің 120-дан аса әскери қызметшісі полковник Расул Зәкіровтың басшылығымен көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына атсалысты.  

Аумақтық қорғаныс бригадасының міндеттерінің бірі – төтенше жағдайдың алдын алып, оны жоюға қатысу. Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелермен, облыс, қала және Дерқұл ауданы әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп әскери қызметшілер кірме жолдарды, арықтар мен су ағарларды тазартумен айналысты. 

Тазарту жұмыстарының жалпы көлемі 30 шақырымнан асты. Бес мыңдай қап құм дайындалды. Алдын алу шаралары адамдардың өміріне төнген қауіпті және ұлттық экономика мен жеке меншікке материалдық залалды болдырмауға бағытталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here