Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша халықтың 60 пайызға жуығы дауыс берді

0
43

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Келесі жедел ақпарат сағат 18.05-те берілетін болады.  

Айта кетейік, ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here