Қазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, рөлге отыратын азаматтарға жаза күшейтілді, деп хабарлады 31 арнаның «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы.
Жаңашылдыққа сай бұл ережені бұзған тұрғындар құжат алу үшін жеті жылға дейін емтиханға кіргізілмейді. Сонымен қатар, бұдан былай жылдамдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал, бір жыл ішінде ережені қайта бұзған көлік иелері 221 мың теңге төлейді.
Күндіз көліктерінің жарық шамын жақпаған азаматтарға керісінше жаза жеңілдеді. Енді тәртіп сақшылары оларға алғашында ескерту жасайтын болды. Оны елемейтіндер ғана айыппұл арқалайды.