Сенатта бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен аудит қорытындылары талқыланды

0
29

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы бойынша есептері, сондай-ақ 2023 жылға арналған жылдық есеп бойынша берілген ұсынымдардың іске асырылу барысы ұсынылып, талқыланды.

Жоғары аудиторлық палатаның өкілі сенаторларға Палата ұсынымдарының едәуір бөлігі жаңа Бюджет кодексінде көрініс тапқанын хабарлады. Қол жеткізілген нәтижелердің қатарында: мемлекеттік инвестициялық жобаларды бағалау мен сараптау рәсімдерін жетілдіру, қарыз міндеттемелеріне бақылауды күшейту, білім беру саласымен қоса құрылыс нысандарына қоғамдық мониторинг тетігін енгізу, сондай-ақ Жекешелендірудің ұлттық офисінің іске қосылуы бар.

Қаржы министрлігінің өкілі депутаттарға Жоғары аудиторлық палатаның 37 ұсынымының 18-і орындалғанын, қалғандары жүзеге асыру сатысында екенін жеткізді. Сонымен қатар, бюджеттік сыныптаманы жетілдіру, Ұлттық қор қаражатын пайдалану бойынша жаңа ережелерді әзірлеу, бюджеттік шығыстар мен жобаларды есепке алу және мониторинг жүргізу үшін цифрлық шешімдерді енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Талқылау барысында мемлекеттік қарыз және квазимемлекеттік сектор мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаржы саласының өкілдері мемлекеттік сектордың қарыздық міндеттемелері ұғымын енгізу, қарыз жүктемесін азайту және қарыз алу тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есептілігін қалыптастырудағы жаңалықтары таныстырылып, олардың деректері республикалық бюджет туралы жыл сайынғы есепке енгізілетіні айтылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here