Заманауи мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам

0
234

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірлеген жаңа Негізгі заң жобасы қоғамның кең қатысуымен және ашық талқылаулар негізінде дайындалды. Құжатты әзірлеу барысында азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары ескерілді.

Ұсынылып отырған жоба елдің құқықтық және саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Оның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде алғаш рет Конституцияның Преамбуласында айқын бекітілуі. Бұл қағидат бүкіл Конституцияның мазмұндық өзегіне айналып отыр.

Жаңа редакцияда егемендік, тәуелсіздік, унитарлық мемлекет сипаты және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде белгіленген. Сонымен қатар Әділеттілік, Заң және Тәртіп, қоғамдық келісім, табиғатқа жауапкершілікпен қарау секілді қағидаттар конституциялық деңгейге көтерілді.

Құжатта азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оның ішінде цифрлық ортадағы құқықтарды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Білім, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту мемлекеттің болашағын айқындайтын негізгі факторлар ретінде көрсетіледі.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы адамға бағдарланған, әділетті және заманауи мемлекет қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Қоғамдық талқылау кезеңі бұл құжаттың шын мәнінде елдің ортақ келісімінің нәтижесіне айналуына мүмкіндік береді.

Жұлдыз САЙРАМБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің деканы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here