«Ақ жолдан» Құрылтайға баратын 8 депутат белгілі болды

0
131
Фото: «Ақ жол» Демократиялық партиясы

«Ақ жол» Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындылары бойынша Құрылтай депутаттарының 8 мандатын бөлді. Бұл туралы партиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 25.08.2026 ж. №48/84 қаулысына сәйкес, «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлауда алған Құрылтай депутаттарының 8 мандатын «Ақ жол» ҚДП партиялық тізіміне кірген кандидаттар арасында бөлді.

1. Ахметжаев Дәурен Хайруллаұлы
2. Бибаев Бақтыбек Сәлбекұлы
3. Еспаева Дания Мәдиқызы
4. Қожахметов Асылхан Төлепбергенұлы
5. Ли Юрий Виссарионович
6. Нұралдинов Олжас Елтайұлы
7. Шынасылова Мейраш
8. Юсупов Ермекқали Төлепқалиұлы

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы шығарған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелері бойынша «Ақ жол» Демократиялық партиясы 478 083 дауысқа (5,21%) ие болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here