Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

0
148
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. 

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. 

Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

VII Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2028 жылы Ресейдің Татарстан Республикасында өтеді. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында мәлімдеді.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қали ҚАМБАРОВ, Бішкектен хабарлайды

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here