Коби Брайант (23.08.1978 – 26.01.2020) – америкалық баскетболшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін NBA чемпионы.
Бекет Махмұтов (20.01.1939 – 14.04.2020) – Қазақстанның әуесқой бокс және дзюдо федерацияларының экс-басшысы, AIBA вице-президенті.
Қайрат Тұрлыханов (23.01.1960 – 12.05.2020) – Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Құрметті президенті.
Серік Әбденалиев (28.02.1939 – 15.06.2020) – Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері.
Диас Омаров (20.10.1940 – 05.07.2020) – спорт журналисі.
Хәлімжан Ержанов (11.09.1963 – 26.07.2020) – «Ертіс» футбол клубының бұрынғы басшысы.
Жақсылық Үшкемпіров (06.05.1951 – 02.08.2020) – грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы.
Рәзия Нұркенова (04.05.1968 – 18.08.2020) – футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері.
Сергей Беляев (08.05.1960 – 06.09.2020) – Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері.
Энвер Түркелери (1942 – 03.11.2020) – ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі.
Николай Мышагин (15.10.1955 – 23.11.2020) – шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері.
Диего Марадона (30.10.1960 – 25.11.2020) – аргентиналық атақты футболшы, 1986 жылғы әлем чемпионы.