Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

0
2469

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының сериясын жалғастыруда, онда аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы, аяқ киім, мектеп рюкзактары және кеңсе керек-жарақтары түрінде қолдау көрсетіледі.

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің өкілдері, «Тәжік мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Додар Махмадулоев, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Абдулхалил Долкунтай Наурызбай ауданы мектептерінің – 25 оқушысына мектеп формасын, аяқкиім мен кеңсе керек-жарақтары бар рюкзактарды табыс етті, іс-шара №206 мектеп-гимназиясында өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары – Болат Оспанов құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ «Дүнген» қазақстандық қоғамы» ҚБ төрағасы Абубакир Вайсырович, «Ариана» ауған орталығы ҚБ төрағасының орынбасары Мұхаммед Дауд, немістердің «Возрождение» Алматы мәдени-этникалық қоғамы» ҚБ өкілі, «Deutsche Allgemeine Zeitung» бас редакторы Олеся Клименко құттықтау сөз сөйледі.

Бұған дейін мұндай акциялар Алматы қаласының Алатау және Наурызбай аудандарында өткізілген болатын, онда 100-ден астам бала мектеп оқушыларына қажетті керек-жарақтары түрінде демеушілік көмек алды.

Аталған іс-шараға «Тәжік мәдени орталығы» ҚБ өкілдері Додар Махмадулоев, Қарахон Солихов, Джамшэт Алиев «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Абдулхалил Долкунтай демеушілік жасады.

Алматы қалалық ҚХА Ақсақалдар кеңесі өз жұмысын жалғастыруды және әрбір бала оқу жылын білімге деген жаңа ынта-жігермен және болашаққа үмітпен бастауы үшін қаланың қалған аудандарын қамтуды жоспарлап отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here