ҚХА-дан 350 оқушы оқу жылына арналған арнайы жиынтықтар мен ноутбуктер алады

0
2390

2024 жылғы 20 тамыз күні сағат 12.00-де Орал қаласының Салтанат сарайы ғимаратында, сондай-ақ 2024 жылғы 21 тамыз күні сағат 11.00-де Қаратөбе ауданы Қоржын ауылындағы «Аққозы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ассамблея жастары ұйымы, сондай-ақ демеушілердің қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді.

Өңірдің мектеп оқушыларына 350 жиынтық (ноутбуктер, маусымдық және спорттық киімдер, рюкзактар) сатып алынды.

Мектепке арналған жиынтықтар Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандарының оқушыларына беріледі.

Іс-шараға өңір басшылығының, Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Freedom Шапағат» қорының өкілдері қатысады. Еріктілер акцияға қатысушы отбасылардың үйлерін аралайды.

Қайырымдылық бастамасы аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепке даярлау бойынша жалпыұлттық науқанды жалғастыруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мектепке жол» акциялары Қазақстанның барлық қалаларында өтеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here