«UIB Summer Science School – 2026»: заманауи ғылым құралы ретіндегі жасанды интеллект

0
471

2026 жылғы 15-26 маусым аралығында Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде «Ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбына арналған «UIB Summer Science School – 2026» (UIB жазғы ғылыми мектебі) сәтті өтті.

Екі аптаға жуық өткен іс-шарада университет оқытушылары ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті қолданудың заманауи әдістерін меңгеріп, ғылыми ақпаратты іздеу мен талдау, жарияланымдар дайындау, деректерді өңдеу және сапалы зерттеулер жүргізу үшін цифрлық құралдарды тиімді пайдалануды үйренді.

Жазғы мектептің ерекшелігі – теориялық сабақтар мен тәжірибеге бағытталған оқытудың үйлесімі болуында. Бағдарламаға зерттеу жұмыстарын дайындау үшін генеративті жасанды интеллектті қолдану жөніндегі семинарлар, сандық деректерді талдау әдістері бойынша курстар және бағдарламалық жасақтаманы пайдалану, деректерді сапалы талдауға арналған NVivo, зерттеудің математикалық әдістері бойынша дәрістер, сондай-ақ әдеби шолулар мен ғылыми жарияланымдарды дайындауда AI-құралдарды қолдану бойынша практикалық сабақтардың жаңа бағыттары енгізілді. Академиялық этика, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану және зерттеу қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері де қарастырылды. Жазғы мектеп жұмысына отандық және шетелдік жетекші сарапшылар қатысты. Шақырылған спикерлер қатарында доктор Қаженова Айгүл Есжанқызы, Елжан Мәуленов, доктор Молдабекова Айсұлу, э.ғ.д., профессор Рахметова Рахила Өмірзаққызы, доктор Rab Nawaz Lodhi (University of the Punjab, Пәкістан), сондай-ақ профессор Xiangdong Mao (Shanghai технология институты, Қытай) болды. Халықаралық оқытушылар құрамының арқасында қатысушылар үздік әлемдік тәжірибемен танысуға мүмкіндік алды.

«UIB Summer Science School – 2026» өткізу университеттің ғылыми әлеуетті дамыту, зерттеу қызметін цифрлық трансформациялау және заманауи технологияларды білім беру процесіне интеграциялау жөніндегі стратегиясын іске асырудың маңызды кезеңі болды. Алынған білім мен практикалық дағдылар ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға, оқытушылардың ғылыми еңбектерін жариялау белсенділігін және университеттің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here