Ректор педагогикалық сынып оқушыларымен кездесті

0
797

Кеше, 22 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Педагогикалық сынып» жобасының жартыжылдық есебі бойынша педагогикалық сынып оқушыларымен кездесу өтті. Іс-шараға жоба идеясының авторы, ректор Дархан Билялов, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов, Академиялық мәселелер департаментінің директоры Хайрулла Жанбеков, №81 мектеп-гимназиясының директоры Нұрғали Тұрымбетов және республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Ержан Өмірханов, жоба жетекшісі, профессор Бауыржан Сайдахметов, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған физика-математика лицей-интернатының және  И.Қ.Мандоки атындағы №154 жалпы білім беретін мектеп өкілдері (50 оқушы) қатысты.

Дархан Біләлов болашақ ұстаздарды құттықтап, еліміздегі тұңғыш оқу орнының жетістіктерімен бөлісті. Ректор 95 жылға жуық терең тарихы бар университет халықаралық және отандық рейтингтерде педагогика саласында көшбасшы болып табылатынын, жоғары оқу орны қабырғасында Ахмет Байтұрсынұлы, Сәкен Сейфуллин, Халел Досмұхамедов, Ілияс Қабылов, Баймен Алманов, Темірбек Жүргенов сияқты ұлы тұлғалар сабақ бергенін атап өтті.

Тұңғыш университет Қазақстанда алғашқылардың бірі болып білім беру саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы заманауи педагогикалық кадрларды қалыптастыру, оның ішінде мектеппен байланысты нығайту, тьюторларды даярлау, цифрлық еріктілер мен Honors College құру, педкласстар ашу бойынша қызықты және пайдалы жобаларды іске қосты.

Іс-шара барысында 4 мектептің педагогикалық сынып оқушылары өз жобаларын ұсынып, педагог тұжырымдамасын талқылады, педагогикалық сынып туралы өз әсерлерімен бөлісті, педагог мамандығы туралы өз пікірлерін білдірді. Алты ай ішінде алған дағдыларын қолдана отырып, олар икигай, рефлексия, кері байланыс және педагог стилі туралы түсініктерді талдап, заманауи мұғалімнің жаңа тенденциялардағы келбетін анықтап, оны өз бойында сезінді. Болашақ педагогтар университет басшылығына және жоба жетекшісі Бауыржан Сайдахметовке алғыстарын білдірді.

Төрт мектеп командаларының жобалары бойынша Дархан Біләлов, Шыңғыс Нұрланов, Ержан Өмірханов және Нұрғали Тұрымбетов болашақ мұғалімдер «Педагогикалық сынып» жобасының үздік нәтижесі болып табылатынын және оның болашағына сенім білдіретіндерін атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here