Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы тарту жасады

0
1748

Кеше, 8 ақпанда «Ресей ғылымы» күніне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында Алматы қаласы РФ Бас консулымен кездесу өтті. 

Жыл сайын Ресей консулдығы кафедраға шетелдік студенттермен жұмыс жасау үшін оқу-әдістемелік сипаттағы әдебиеттерді, атап айтқанда, оқулықтар, оқу құралдары, тесттер, дискілер, видеокурстар, аудиовизуалды оқыту құралдарын сыйға тартады.

Кездесуге РФ Бас консулдығының консулы Татьяна Барышникова, білім беру жобалары саласындағы ынтымақтастық бөлімінің бастығы Тамара Зубкова, бас маман-сарапшы Ольга Мощеева, шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сауле Бегалиева және аға оқытушы Феруза Ержанова қатысты.

Кездесу барысында кафедраның шетелдік азаматтары үшін білім беру жобалары, бірлескен бағдарламалар, конкурстар, іс-шаралар саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here