Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті. Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95%) және Қазақстан Халық партиясы (9,10%)