Тұңғыш университет түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешіп жатыр

0
2324

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен 2020/2021 оқу жылында бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру үрдісі қарқынды жүргізіліп жатыр. Университет 2 сәуірде «Жұмыс берушілер апталығын» ашқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Апталықтың негізгі мақсаты – әр облыс өкілдерімен жеке кездесіп ынтымақтастықты нығайту және бітіруші түлектерді сол өңірге жұмысқа орналастыру.

Жұмыс берушілер апталығының 7 сәуірдегі кездесуі СҚО Білім басқармасының өкілдерімен өтті. Кездесуді университет ректоры Такир Балықбаев ашты. Кездесуге университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, «Мансап» орталығының басшысы Гүлира Үсейін, СҚО білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова, СҚО Білім басқармасының педагогикалық кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлшат Шаймерденова, СҚО білім басқармасына қарасты білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Жұмыс берушілер апталығы аясында Алматы облысының білім басқармасы, BINOM SCHOOL мектептерінің өкілдерімен кездесулер өткізілді. Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және белгіленген ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын бірқатар жоба талқыланды.

Осындай іс-шаралар барысында екіжақты ынтымақтастықты жаңарту, ғылыми-теориялық тәжірибемен өзара алмасу, педагогикалық практика, жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланады. Студенттер сұрақтар қойып, нақты жауаптар алады. Кездесулер нәтижесінде екі тараптың мүдделеріне сәйкес жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here