Қыздар университетінің студенті топ жарды

0
2616

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенті Әсел Ахметжанова республикалық пәндік олимпиадада екінші орынға ие болды. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен білім сайысына қазақстандық жоғары оқу орындарының «Сән және костюм дизайны» мамандықтары бойынша оқитын студенттері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – талантты жастарды анықтау, оларды өнерге баулу арқылы шығармашылық қарым-қабілетін дамыту.

Білім мен білік сарапқа түскен жарыс бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Нәтижесінде қазылар алқасы тарапынан Қыздар университетінің студентінің өнері жоғары бағаланып, оның жұмысы екінші орынға лайық деп танылды.

Айта кетейік, Әсел Ахметжанова «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқиды. Талантты студентті олимпиадаға Кәсіптік оқыту кафедрасының аға оқытушысы Ұлжан Бегешова дайындады.

Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here