Бурабайда өзге ұлт өкілдері арасында патриоттық әндер байқауы өтті

0
1204

Бурабай ауданының аудандық мәдениет үйінде өзге ұлт өкілдері арасында «Қазақ тілі – ғажап тіл» патриоттық ән байқауы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігін мерекелеу бойынша іс-шаралар циклі аясында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты ұлттың мәдени кодын сақтау негізі ретінде мемлекеттік тілді, ұлттық дәстүр мен тарихты танымал етуге бағытталған. Байқауға Щучинск қаласы мен Бурабай ауданының барлық ауылдық округтерінің өкілдері қатысты.

Қазылар алқасы байқауға қатысушыларды келесі көрсеткіштермен бағалады:

– жалпы (музыкалылығы, тақырыпқа сәйкестігі, мәдениеті, сахна, костюм, әртістігі және орындау ерекшелігі);

– вокал (дауыс, дарындылық, орындау техникасы, күрделілік дәрежесі, музыкалық материалдың жасына сәйкестігі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2021 жылдың 17 қыркүйегінде тілдер онкүндігінің жабылу салтанатында алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Айта кету керек, осы байқауды өткізу арқылы байқау ұйымдастырушылары бірнеше мақсатты – қазақ тілін насихаттау және өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты дамыту, тілді білу деңгейін көтеру, оның құндылығы мен маңыздылығын насихаттау, вокалдық өнердің көмегімен қазақ тілінің сұлулығын, жарықтығын, байлығы мен даналығын көрсету. Туған жерге деген сүйіспеншілік, ана мен мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Жеке және ансамбльдік ән айту дәстүрін сақтау.

Музыкалық шығармашылықты одан әрі дамытуға ықпал ету, дарынды орындаушыларды анықтау. Орындаушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға ықпал ету.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here