Шымкенттегі әуе база оқушыларға есігін ашты

0
1000

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына қала мектептерінің жүзден астам оқушысы Шымкенттегі әуе базасына барды. Қонақтар заманауи әскери ұшқыштардың немен ұшатынын және әскери ұшақтардың кабиналарын өз көздерімен көріп, тіпті ұшқыш орнына отырып көруге мүмкіндік алды.

Оқушыларға жол көрсетіп, әскери авиациямен таныстыру үшін әуе база командирінің орынбасары подполковник Азамат Нұрахметов шықты. Экскурсия нұсқаудан басталды. Балаларға бөлімнің аумағында өзін қалай ұстау керек, не істеуге болады және не істей алмайтыны туралы айтылды.  

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, қауіпсіздік әскери бөлімде жоғары деңгейде сақталады. Ұшқыштар үнемі өздерін дамыту үстінде, теориядан басқа, олар жерде, содан кейін ауада жаттығулар жасайды.

Экскурсия барысында оқушылар әскери ұшқыштардың күнделікті өмірімен танысты, Әуе қорғаныс күштерінде қызмет ету ерекшеліктері туралы мәлімет алды, авиациялық техниканың жаңа үлгілерімен танысты. Әскери ұшқыштар авиациядағы қызмет тәжірибелерімен бөлісті, ұшуларды орындау кезіндегі ұмытылмас әсерлерімен бөлісті.

Балалар үшін әуеайлақта арнайы СУ-25 шабуылдау авиациясының жаңартылған ұшақтары, сондай-ақ Ми-35М және Ми-171Ш соққы және көлік тікұшақтары, жерүсті жауынгерлік және арнайы техниканың үлгілері қойылды.

Офицерлер басшылығымен оқушылар жауынгерлік ұшақтың кабинасында отырды, штурвалды ұстады, пилоттың кабинасындағы аспаптармен танысты. Барлық балалардың жүздерінен берілген мүмкіндікке қуанышын анық байқауға болды.

Соңында балалар мен олардың мұғалімдері әскери-әуе күштері қатарында қызмет етуге қызығушылығын оятқан пайдалы, қызықты және ғажайып экскурсия үшін бөлім басшылығына алғыстарын білдірді.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here