ҚазҰУ үздік университет екенін тағы да дәлелдеді

0
1723

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары – 2022» ұлттық рейтингінде үлкен айырмашылықпен алға шығып, кезекті рет үздік университет атанды.

Еліміздің жетекші университеті Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR) жариялаған нәтиже бойынша қазақстандық білім ордалары арасында ең жоғары балл жинап, «Қазақстанның көшбасшы университеті» мәртебесін нығайтты. IAAR 2014 жылдан бастап Академиялық талдау және жоғары сапа обсерваториясының (IREG) халықаралық аккредитациясын иеленген және дәстүрлі түрде жыл сайын «Қазақстан Республикасының сұранысқа ие жоғары оқу орындары – 2022» ұлттық рейтингін жүргізіп келеді.  Ол «Берлин қағидаттарын» сақтауға негізделген ашықтық, объективтілік, ақпарат көздерінің тексерілуі және қолжетімдігіне, кадрларды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға бағытталған.

ҚазҰУ әлемдік Q1-Q2 журналдарында индекстелетін ғылыми жарияланымдар саны мен ЖОО ғалымдарының дәйексөздер индексін ұлғайта отырып, осы рейтингте серпіліс жасады. Бұл ҚазҰУ ғалымдары жүзеге асырған ғылыми зерттеулердің тиімділігі мен сұранысқа ие екенін айқын көрсетеді.

Білім, ғылым және инновацияларды үйлестіретін классикалық көпсалалы университет бола отырып, ҚазҰУ еліміздегі ғылыми жобалар мен жарияланымдар саны бойынша көшбасшы болып саналады.  Рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым университетке тиесілі. Бес ғылыми журнал халықаралық мәліметтер базасына кіреді. ҚазҰУ ғалымдарының Хирш жиынтық индексі 3100-ден асады.

Айта кетсек, биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде бір жыл ішінде 25 позицияға жоғарылап, 150-орынға көтерілді. Бұл маңызды жетістіктер басшылық, оқытушылар, ғалымдар мен білім алушылардың жоғары оқу орнын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру жолындағы табанды әрі үйлесімді жұмысының жемісі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here