Жетім көрсең, жебей жүр

0
1071

№42 жалпы орта мектептің педагог ұжымдары мен 9 сынып оқушылары облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, жаңа жылдық мерекелік шарасын ұйымдастырды. 

Аталған ауылдың құрылғанына екі жыл болыпты. Бүгінгі таңда бұл ауыл Атырау қаласына қарасты Талғайраң елді мекенінде Жайық өзенінің жағасында бой көтерген отбасы үлгісіндегі балалар ауылында екі қабатты 8 тұрғын үй бар. Мұнда 4 үй мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жабдықталса, қалғаны тәрбиешілердің балаларына арналған. Жалпы 80 орынға арналған балалар ауылындағы 7 отбасына 3-18 жас аралығындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 55 тәрбиеленуші тұрып келеді.

Ал, мәдени-спорттық кешенде би, мәжіліс, спорт және жаттығу залдары қарастырылған. Сондай-ақ монша мен ойын алаңдары ойын-сауық және дамыту құралдарымен жабдықталған.

Тәрбиеленушілер әкімшілік блоктағы коворкинг-орталықта шығармашылықпен айналысады. Сондай-ақ, әлеуметтік бейімдеу орталығы да бар.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып, жаңажылдық идиясымен ұйымдастырған 9 сыныптың жетекшісі әрі орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Венера Абленова. Кейін бұл идеяға бірден мектептің педагог ұжымы қосыла кетті.

Жаңа жылдық шараға «Жаңа Жыл» әнімен мектептің жас маманы Анель Измагамбетова бастады. Кейін, мектептің тәлімгері Назым Куанышевамен бірге 1 сыныптың оқушысы Нұрислам Бектемиров дуэт болып, «Ұстаз бен шәкірт» әнімен орындап шықты.

Шара барысында қазақтың күйлері де шалқытылды. 9 сынып арасынан қыздар би өнерлерімен көрсетті.  Сондай-ақ, түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Осы шараны ұйымдастырған Венера Абленованың айтуынша, «мереке сәтті өтті деп ойлаймыз! Балалар өте қуанышты болды, тіпті жасөспірімдер де ойынға қосылды» – дейді.

Соңында Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар, сондай-ақ жаңа жылдық тәттілер үлестірілді.

Қазіргі уақытта әр баланың қуанышы мен бақытты жүзін көруден асқан шаттық жоқ. Әсіресе, қиын жағдайға тап болған балаларды қамқорлап, қоғамнан өз орнын табуына қолдау көрсетуді жалғастыра береді деген үміттеміз. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылында тәрбиеленушілердің алаңсыз білім алуына, бос уақытын көңілді, мәнді өткізуіне тілектеспіз.

Айта кетейік, облыстық Отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаеваның арқасында қайырымды ана ретінде жұмысын атқарып келеді.

Сонымен қатар, тәрбиеленуші қыздар тігін цехында тігіншіліктің де қыр-сырын үйреніп келуде. Балалар мұнда ашылғанына 20 жыл толған «Шаңырақ» мекемесінен көшіп келген. Осы уақытқа дейін 200-ден астам бала түлеп ұшты.

Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының құрылысына «Каспий құбыр консорциумы» АҚ демеушілік көрсеткен.

Руслан ХАМЗА,
№42 жалпы орта мектептің баспасөз хатшысы,
Атырау қаласы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here