Теңіздегі трагедия 59 адамның өмірін қиды

0
443

Германия, Франция, Италия, Испания сияқты 27 елдің басын қосқан Еуропалық Одақтың Көші-қон істері бойынша агенттігіне өткен жылы 5 млн адам босқын мәртебесін алу үшін өтініш тастаған. Әрине, Еуропалық Одақтың бұл өтініштердің бәрін қанағаттандыра алмайтыны белгілі. Сондықтан кәрі құрлыққа заңсыз өтпек болғандардың қарасы тым көп. Бұл «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар» дегеннің кері.

Күні кеше Еуропадағы дәулетті өмірді аңсаған Иран, Ауғанстан және Пәкістан елдерінің 250 азаматы Түркиядан балық аулайтын қайықпен теңізге шығады. Бағыт – Италия. Леонардо да Винчи еліне заңсыз өтіп алғаннан кейін Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің есігі ашылады. Бірақ, ол үшін ондаған адам отырған алақандай қайық күтпеген жерден болатын алып теңіздің дауылына төтеп беруі керек. Өкінішке қарай, бұл жолы мигранттардың үміті ақталмады. Қайық теңіз дауылына шыдас бермеді. Теңіздегі трагедия 59 адамның өмірін қиды. Олардың арасында шақалақтар да бар.

Рас, Еуропаға жетпей теңізде опат болған жағдайлар жиі кездеседі. Бұл алғашқы да, соңғы да жағдай емес.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here