Атырауда алғаш рет аймақтық семинар өтті

0
1530

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және түсіндіру бағытында тыңғылықты жұмыстар жүргізу қажет. Бұл туралы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Атыраудағы аймақтық семинарда айтылды.

Аймақтық семинарға Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының Мемлекеттік рәміздер саласындағы жауапты мамандары қатысты. Семинар барысында Мемлекеттік рәміздерді нормативтік құқықтық деңгейде қолданылуы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Тәжі Ақтілек, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Геральдика, стандарттау және сапа тобының бас сарапшысы Гүлбибі Алғазинова, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерболат Есенов кеңінен түсінік беріп, жұмыс барысында жиі кездесетін сұрақтарды талқылады.

Қазақстан бойынша ҚР Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарымен атыраулық азамат Руслан Хамза айналысып келеді. Ол бұл бағытта үкіметтік емес ұйым ретінде арнайы ұлттық орталық ашып, бірнеше жылдан бері ҚР Мемлекеттік рәміздерінің дұрыс қолданылуы бағытында бұқараға түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізіп жүр. Өз кезегінде жоғарыда аталған меймандар бұл жұмыстармен жіті таныс екендерін атап өтті. Бұдан бөлек, жұмыс тобы өңірдегі мемлекеттік органдардағы рәміздердің заң шеңберінде қолданылуына мониторинг жүргізді. 

Еске салсақ, биыл «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңының 372-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді елімізде мемлекеттік рәміздерді қорлағандар 3 мың айлық есептік көрсеткішке, яғни 10 350 000 теңгеге дейін айыппұл төлейді және қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзімі 900 сағатқа дейін арттырылды.

Амандық АБДОЛОВ

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here