Қазақстан Қарулы күштерінің негізгі міндеттері қандай?

0
763

Жаһандық қауіпсіздік барған сайын өзекті болып келе жатқан қазіргі әлем жағдайында Қарулы күштердің рөлі әр мемлекеттің ұлттық қорғаныс қабілетінің ажырамас бөлігі болып саналады. Ғасырдан астам тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің міндетіне тоқталады.

Осыдан бір жыл бұрын, 2023 жылғы 5 мамырда Мемлекет басшысы әрі Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді құттықтау сөзінде Қарулы күштеріміз мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, туған елдің тәуелсіздігін және бейбіт өмірін қорғау қасиетті парыз екенін атап өтті.

«Туған жердің аумақтық тұтастығын сақтау – қастерлі борыш. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жерінің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны көздің қарашығындай сақтау – басты міндетіміз. Біртұтас әрі қуатты мемлекетті ұрпаққа табыстау – негізгі мақсатымыз. Ел іші тыныш, қоғам тұрақты болса, жасампаз әрі өркениетті мемлекетке айналамыз. Яғни, дамыған ел боламыз десек, ең алдымен, бейбітшілік және тыныштық керек. Қарулы күштеріміз осы қастерлі құндылықтарды қорғауға міндетті», – деді Президент.

Әрине, Қазақстан Қарулы күштерінің еліміздің Ұлттық қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар міндеттерді орындайды. Негізгі міндеттердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

  • Елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау Қазақстан Қарулы күштерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Әскери бөлімшелер шекараны үнемі күзетеді, шекарадағы жағдайды бақылайды және ел аумағына кірудің заңсыз әрекеттерін болдырмайды. Бұған елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін заңсыз көші-қонды, қару-жарақ, есірткі контрабандасын және басқа да заңсыз әрекеттерді бақылау кіреді.
  • Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қарулы күштердің тағы бір маңызды функциясы. Олар Қазақстан аумағындағы террористік және экстремистік әрекеттерге қарсы іс-қимыл жөніндегі операцияларға және әскери бөлімшелер арнайы операцияларға қатысады, қауіп-қатерлерді барлау мен бейтараптандыруды жүргізеді, маңызды инфрақұрылымды қорғауды жүзеге асырады, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • Төтенше жағдайлар, зілзалалар немесе басқа да қауіптер болған жағдайда Қазақстанның Қарулы күштері азаматтық билік пен халыққа көмек көрсету үшін жұмылдырылады. Бұған табиғи апаттардың салдарын жоюға қатысу, апаттар мен төтенше жағдайларға көмек көрсету, халықты эвакуациялау, гуманитарлық көмек пен медициналық көмек көрсету кіреді.

Негізгі міндеттерден бөлек, Қазақстанның Қарулы күштері халықаралық қауіпсіздік пен бітімгершілік операцияларды қолдауға белсенді қатысады. Мысалы, биыл қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарына аттанды. Осылайша, олар тәжірибе алмасады және кәсіби дағдыларды дамыту үшін басқа елдердің қарулы күштерімен ынтымақтасады.

Міне, Қазақстан дипломатиялық құралдар арқылы жанжалдарды шешу және шабуыл жасамау саясатын ұстанады. Қарулы күштер аймақтың өзара пайдасы мен қауіпсіздігін нығайтуға негізделген халықаралық әскери ынтымақтасады. Демек, қуатты әскер – сенімді тірек.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here