Әскери ұшқыштар 2 мыңнан аса адамды эвакуациялап, 66 тонна гуманитарлық жүк тасымалдады

0
80

Өткен тәулікте апатттан құтқару шараларына Қарулы күштердің 450 әскери қызметшісі, 23 бірлік көлік техникасы, төрт тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылды. 

Ақтөбе қаласының Әуе қорғанысы күштері мен ұшқыштар дайындайтын институттың ұшу экипаждары жергілікті халықты эвакуациялау, мамандарды тасымалдау және гуманитарлық жүктерді жеткізу шараларын жалғастыруда. Әскери авиация бортымен 50 адам тасымалданды. 

Су тасқынына қарсы іс-шараларға Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының аумақтық қорғаныс бригадалары жұмылдырылды. Қызылжар ауданы Тепличное ауылында әскери қызметшілер бөгетті күшейтумен айналысты. Қостанайда Тобыл өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Қостанай облысының Арқалық қаласынан 85 шақырым жерде Қызыл жұлдыз елді мекенінде әскерилер әкімдіктің жедел штабына 20 орындық армия шатырын орналастырды. 

Қарағанды облысында «Астана» өңірлік қолбасшылығы 44803, 55524 әскери бөлімдерінің және мотоатқыштар бригадасының әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындап, төсеумен, су айдаумен, каналдарды тазалаумен, үйлердің айналасындағы қарды тазалаумен және бөгеттер айналасына үйінділер жасаумен айналысты. Жұмыстар Көбетей, Нұра, Егінді, Мыңбай және Кертінді елді мекендерінде жүргізілді.  

Орал қаласында аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері Бәйтерек ауданының «Жырау» саяжай алабында 1200 қап құм және «Аз ауыл» шағын ауданында 1300 қап дайындады. 

 «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 41433 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Атырау облысының Құлсары қаласында Құлсай өзенінің жағалауын күшейтуге көмектесті, ал Индер ауданының Қарабал ауылында Ойыл өзені жағалауын күшейтуге үшін 1500 қап құм төселді.

Жалпы 27 наурыз бен 4 сәуір аралығында Қарулы күштерден барлығы 1255 әскери қызметші, 69 көлік техникасы, армия авиациясының 10 тікұшағы, әскери-көлік авиациясының 2 ұшағы жұмылдырылды. Екі мыңнан аса адам эвакуацияланды, оның ішінде 590 бала. 66 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды, 42 мыңнан аса қап құм төселді, бір жарым шақырым ағын су кәрізі тазартылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here