Ғалым Күнсұлу сіңіліме!

0
2040

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закария Күнсұлу Дальтонқызына арнау

Халыққа қара күн туды –
Жердің жүзін жайлаған.
Ауру тарап мұң туды –
Қаһарына Алланың
Ұшырадық па екенбіз…

Пейіліміз тарылып,
Қатыгез болдық па екенбіз…
Жердің жүзі соғысып,
Қағындық па екенбіз…

Жемқорлыққа салынып,
Имансыз болған ба екенбіз…
Кедейлерді менсінбей,
Кердең қаққан ба екенбіз…

Ұлтымызды адасып,
Надан болған ба екенбіз…
Қыздарды алдап жылатып,
Арын таптап па екенбіз…

Балаларды саудалап
Ардан безген бе екенбіз…
Не болса да Алланың
Қаһарына ұшырап
Қырыла жаздап кеткенбіз…

Бірақ, Алла мейірімді
Көп тілекті берді ме?..
Көздің жасын көрді ме?..
Күннен түскен жарықтай
Күнсұлуды берді ме?..

Дальтонқызы Күнсұлу
Сен туғанда Алламыз
Дуалының аузына
Күнсұлу атын салды ма?!
Әлде күннен тудың ба?!
Әлден алтын құрсақты
Киеліден тудың ба?!.
Сені туған анаңа –
Мың алғыс Қазақ атынан!

Қазағымның бағына
Жойылып кетер шағында.
Еңбектеніп тер төгіп,
Ғалымдармен бас қосып,
Емін таптың сырқаттың.

Саған Алла бақ берсін,
Ұзақ өмір жас берсін!
Нұры жауып Алланың
Күнсұлу деген атағың –
Жаһанға кетсін жарқырап!

Апаң Нағытай

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here