ХІІІ Халықаралық саясаттанушылар жазғы мектебі өтті

0
1668

2024 жылдың 14 тамызында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орталық Азия елдеріндегі исламдық білім және ислам мәдениеті: тарихи және заманауи контексттер» тақырыбында саясаттанушылардың халықаралық жазғы мектебі өтті. Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі білім саласының дамуына ықпал ету, саясаттану және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру, сондай-ақ отандық саясаттанудың сараптамалық әлеуетін нығайту.

Іс-шараға Нархоз, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, Алматы энергетика және байланыс университеті сияқты жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, азаматтық қоғам өкілдері, PhD докторанттары, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы магистранттар мен студенттер қатысты.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова өз сөзінде жазғы мектеп тақырыбының қазіргі қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, кездесудің басты бағыты жастарға дұрыс жол көрсету екенін атап өтті.

Жазғы мектеп аясында тыңдаушылар «Тахлил» қоғамдық бірлестігінің зерттеу директоры Азизи Рустам (Тәжікстан), Ташкент мемлекеттік шығыстану университеті шығыс елдерінің саясаты және халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Шухрат Ёвкочев (Өзбекстан), «Элбилге» қоғамдық бірлестігінің басшысы, тарихшы Назикбек Кыдырмышев (Қырғызстан) сынды халықаралық деңгейдегі профессорлардың дәрістерін тыңдай алды.

Айта кетейік, биылғы жылы жазғы мектеп BR21882428 «Постқалыпты кезеңдегі исламның рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік құбылыс ретіндегі әсері мен болашағы: Таяу Шығыс және Орталық Азия елдерінің тәжірибесі» жобасы аясында өткізіліп отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here