Кафе, барларда кальян шеккен жамбылдық 20 азаматқа айыппұл салынды

0
2559

Полиция қызметкерлері Тараз қаласында келушілерге кальян ұсынатын дәмхана-барларға қатысты рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Екі күн ішінде темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылық деректері «Vstrecha», «Шишка», «Мансард», «Ескобар», «Мята», «Bult», «Жаным Сол», «С Кайфом», «MANSARD», «PABLO» ойын-сауық орындарында анықталды.

Әкімшілік хаттамалар ойын-сауық орындарының иелеріне, сондай-ақ олардың қонақтарына қатысты толтырылды. Рейдтер барысында полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу, вейптер мен электрондық темекі таратқаны үшін қарастырылатын қылмыстық жауапкершілік туралы талаптарды түсіндіруде. Ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Жамбыл облысының Полиция департаменті вейптер саудалаған азаматтарға қатысты 3 қылмыстық іс қозғады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here