Заң мен тәртіп: қытайлық компания 7 млрд теңгелік жобаны қайта іске қосады

0
139

Бас прокуратура «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының (ШЫХО) арнайы экономикалық аймағындағы (АЭА) қытайлық инвестордың құқықтарын қорғады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, АЭА аумағындағы «Қолөнершілер қаласы» сауда павильонын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысында Қытай инвесторы проблемаларға тап болған. Бұл АЭА қатысушыларының тізілімінде тіркеуден бас тартуға және қатысу шартының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты болған.

«Құрылыс материалдарын әкелудің аяқталмаған кедендік рәсіміне және кейіннен инвесторды тізілімнен шығаруға байланысты мемлекеттік кіріс органдары 1,4 миллиард теңгеге кедендік төлемдерді қосымша есептеген», – деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша инвесторға қатысты шектеулер алынып тасталды, заңсыз есептелген төлемдер жойылды.

«Жіберілген заң үшін кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде компания 7 миллиард теңгеге жобаны іске қосып, оның шеңберінде жаңа жұмыс орындары құрылады. Инвестициялық жоба туристік және сауда әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қытайлық туристердің арнайы экономикалық аймағының қазақстандық жағына қызығушылығын арттыруға бағытталады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаны іске асыруда қиындықтар туындаса, онда Сіз Бас прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығына (тел. +7 (7172) 30-17-93, +7 (702) 629 75 61) құқықтық көмек пен кеңес алу үшін жүгіне аласыз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here