Таразда мас күйде жолаушылар тасымалдаған автобус жүргізушісі қамаққа алынды

0
114

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараз қаласының көшелерін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері күдік тудырған «ZHONG TONG» маркалы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлікті тоқтатты.

Тексеру барысында 55 жастағы жүргізушінің 17-бағыттағы автобусты мас күйде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша оның алкогольдік масаң күйде екені расталған.

Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.

Соттың шешімімен жүршізуші он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды мас күйде көлік басқармауды ескертеді. Мұндай әрекеттер азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді және заң бойынша қатаң жазаланады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here