Жалпыұлттық нышандардың тізімі жасалды

0
126

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойған еді. Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімі жасалды, бұл әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе.

Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді.

Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:

• ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»;
• ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
• ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»;
• ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
• ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
• ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
• отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»;
• ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.

Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады.

Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс.

Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін.

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here