Инвестиция игілігі: теміржол инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллар инвестиция салынады

0
115
Фото: time.kz

2030 жылға дейін теміржол инфрақұрылымын дамытуға 10 млрд доллардан астам инвестиция салынады. Бұл туралы Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымы конференциясының 40-отырысында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен және Қазақстан Үкіметінің қолдауымен 2030 жылға дейін теміржол саласының инфрақұрылымын дамытуға10 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынады. Бүгінде біз 1 800 шақырым жаңа теміржол желісін салып, 3 000 шақырым жолды жаңғыртудамыз. Бұл – жаңа жолдар салумен пара-пар, – деді ҚТЖ басшысы.

Талғат Сағиұлының мәліметінше, өткен жылы Достық-Мойынты учаскесінде екінші жол мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Бұл аталған учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 12-ден 60 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

– Осы жылдың соңына дейін тағы 500 шақырым теміржол құрылысы аяқталады. Оның ішінде Орталық Азия бағытына транзиттік ағынды арттыруға арналған Дарбаза-Мақтаарал жобасы бар. Сондай-ақ, Транcқазақстандық теміржол дәлізін қалыптастыратын Мойынты-Қызылжар жобасын ерекше атап өткім келеді. 2027 жылы Қытаймен жаңа шекаралық өткел және Аягөз-Бақты теміржол учаскесі ашылғаннан кейін 2035 жылға қарай Қытаймен жүкті қайта тиеу қуаты 100 млн тоннаға дейін ұлғайтылады, – деді Талғат Алдабергенов. 

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here