Жаңа Конституция бүгін күшіне енді

0
282

Бүгін, 1 шілдеде 2026 жылдың 16 наурызында республикалық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституцияның күшіне енді. Ал 1995 жылы қабылданған Ата заң ресми түрде күшін жойды.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің пайымынша, жаңа Конституция преамбуласын негізгі идеологиялық ұстанымдардың тұтас әрі құрылымдалған дайын жиынтығы деуге болады. Қолданыстағы қазіргі Ата заң мемлекеттiлiкті құра отырып әзірленсе, жаңа Конституция осы жылдар аралығында құрылған мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған. Преамбулада бұл жөнінде нақты жазылған. Сол секілді онда тарих, заң мен тәртіп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация, табиғатты аялау, бейбітшілік пен достық қағидаттары мен құндылықтары қамтылған.

Негізгі Заң тарихымызға қатысты жаңаша көзқарасты қалыптастырды. Еліміздің аумақтық тұтастығына қатысты нақты ұстаным бекітілді. Қазақстан зайырлы мемлекет екенін нақты белгіледі. Дәстүрлі құндылықтар ең жоғары құқықтық деңгейде қорғалды. Ел дамуының адами өлшемі енгізілді. Адам құқықтары негізгі басымдық ретінде айқындалды.

Вице-Президент институты құрылылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды.

Бір палаталы Парламент жасақталып, ол Құрылтай деп аталады. Заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган партиялық тізім бойынша сайланған 145 депутаттан тұрады. Құрылтай депутатының өкілеттілік мерзімі — 5 жыл. Органды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен сайланатын Төраға басқарады.

Жалпыхалықтық диалогты және азаматтық қоғамның елдегі ішкі саясатты қалыптастыруға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында жоғары консультативтік орган — Халық Кеңесі құрылады. Ел азаматтарынан құралатын Кеңес кең ауқымдағы өкілеттікке ие. Сонымен қатар заңнамалық бастама көтеруге және жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынуға құқығы бар. Кеңес құрамында тепе-теңдік қағидаты негізінде этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің атынан 42 адамнан өкілдік етеді, оны Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here