Конституция – қоғамның айнасы

0
154
Фото: atr.kz

2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде өз күшіне енді. Екі палаталы Парламенттен бір палаталы жүйеге көшу мәселесі жолға қойылды. Жоғарғы палатаның қызметін атқарған Сенат өз жұмысын аяқтады. Сенат пен Мәжілістің орнына бір палаталы Парламент, яғни Құрылтай өз жұмысын бастайтын болды. Жаңа Конституция – елдің саяси-әлеуметтік және құқықтық дамуына бағыт беретін маңызды құжат болып табылады. Бұл жасалып жатқан демократиялы қадамдар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың жаңартылған моделін қалыптастыратынына сенімім мол.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда сөйлеген сөзінде былай деген: «Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық ресми түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру тұру қажет».

Сонымен қатар, жаңа бір палаталы Құрлытай тек пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізімдер арқылы сайланатын 145 депутаттан тұрады. Олардың өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Жаңадан сайланған депутаттарды Қүрылтайдың келісімінсіз ұстауға, қамауға алуға немесе қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Вице-президент Құрылтайдың келісімімен тағайындалады. Егер Президент қызметінен бұрын кетсе, оның өкілеттіктері алдымен вице-президентке ауысады. Сайланған Халық Кеңесі халықтың мүддесін қорғайтын орган болып өз қызметін жалғастырады. Заман талабына сай, жаңа технологиялардың дамуына орай, цифрлық ортада адамның дербес деректерді қорғау мәселесі де басты назар болу керек екенін атап көрсетті. Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау және қызметінен босату, олардың анттарын қабылдау, қажет болған жағдайда судьялар мен депутаттарды қолсұғылмаушылық құқығынан айыру мәселесі де қаралатын болады. Президент Бас прокурорды, Конституциялық және Жоғарғы соттардың төрағаларын, Ұлттық банк басшыларын тағайындау құқығына ие болады.

Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығында жаңадан қабылданған тарихи құжат – жаңа Конституциясына арналған кездесу сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қабылданған Ата Заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулар еліміздің экономикалық-саяси бетбұрыстарындағы түбегейлі өзгерістер мен реформаларға жасалған саяси қадам екенін түсіндіру.

Осы іс-шарға Қазақстан ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Айболат Тілеубайұлы және академияның тыңдаушылары мен 7552 әскери бөлімінің курсанттары қатысты. Құқық саласының қызметкері жаңа Заңдағы өзгерістерге тоқталып, әрқайсысын ерекше талдап берді.

Іс-шараға қатысушылар да Заңдағы өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Азаматтардың цифрлық ортада дербес деректерді қорғау, зияткерлік меншік құқығы, экологияны қорғау, заң мен тәртіпті қатаң бақылауда ұстау мәселесі төңірегінде көптеген пікірлерін білдірді. Олар Миранда заңының рөлі, құқық қызметкерлері ұстап алған жағдайда адвокаттың көмегіне қалай жүгінуге болатыны туралы айтты.

Руза Жүнісқызы,
Мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығының жетекшісі,
ҚР Мәдениет саласының үздігі, тарихшы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here