«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ және «Халық банкі» Акционерлік қоғамының серіктестігімен, 2017 жылдан бері отандық БАҚ өкілдері арасында қаржы және қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына өтетін «Еркін сөз»-2026 шығармашылық байқауының ережесі.
«ЕРКІН СӨЗ»-2026 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ
Байқаудың міндеттері:
Қазақ журналистердің қаржылық саладағы кәсібибілігін жақсарту, Қазақ қоғамындағы қаржылық сауат деңгейін БАҚ-та жарияланатын материалдар арқылы көтеру.
Журналистерді ынталандыру;
материалдардың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;
материалдар туғызған қоғамдық резонанс пен түйткілдерді шешу жолдары;
жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру “Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.
Байқауға қатысуға Қазақстанда қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.
Байқауға қатысуға қаржы және қаржылық сауатты арттыру тақырыбындағы материалдар қабылданады. Қатысушыларға қойылатын талап: көтерілген тақырып халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру тұрғысынан пайдалы болуы шарт.
2026 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 21 қазанына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан МАҚАЛА мен ТЕЛЕСЮЖЕТТЕР қабылданады. Бір редакциядан бірнеше журналист материал жолдауға қақылы.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (газет бетінің PdF форматы қабылданбайды) және WORD форматтағы нұсқасы ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар (телевизиялық сюжет) телеарнаның YouTube арнасына жарияланған сілтемесімен ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері (сайт, портал, онлайн газеттер) жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап, cілтеме және WORD форматтағы нұсқасы жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылдың 21 қазаны, сағат 23:00-ге дейін.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті мен ұялы телефон нөмірі.
Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.
Қазақстандағы БАҚ-та Байқауды өткізу туралы ақпарат, қатысу шарттары мен Байқау ережесі туралы хабарландыру жарияланады.
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2026 жылдың 21 қазаны, сағат 23.00-ге дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау жеңімпаздарын айқындайды.
Үздік видеосюжет (телевидение);
Үздік мақала (газет);
Сайттағы үздік мақала;
Жеңімпаздарды марапаттау.
18. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
Ұйымдастыру комитеті:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
Қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасызету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар тағайындайотырып, байқауды қорытындылау.
А). Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә). Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Б). Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.
Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
А). Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпарат таралу;
Ә). Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
Б). Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
А). Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
Ә). Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
Ә). Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелермен процедураларды сақтамағаны үшін.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Жароков көшесі, 39A.
Сall centre: + 7702 543 7740 (WhatsApp); электронды пошта: erkinsoz2026@gmail.com









