Абай университеті QS University Rankings рейтингіндегі позициясын жақсартты

0
2043

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті шетелдік оқытушылар құрамының үлесі, оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы, халықаралық ғылыми байланыстар және жұмыс берушілер арасындағы беделі бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, QS University Rankings: Emerging Europe & Central Asia 2022 рейтингісінде 70-орынға көтерілді.

Кеше, 15 желтоқсанында QS (Quacquarelli Symonds) Ұлыбритания рейтинг агенттігі QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings 2022 – Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің жаһандық мойындалған рейтингісінің нәтижелерін жариялады.

Еуропа мен Орталық Азиядағы дамушы елдердің 451 университетінің қатарында Абай университеті өткен жылмен салыстырғанда позициясын жақсарта отырып, 82-орыннан 70-орынға көтеріліп, 100 үздік университеттің қатарына енді.

ЕЕСА рейтингінің он көрсеткішінің жетеуінде Абай университеті айтарлықтай өсім көрсетті: «Халықаралық ғылыми байланыстар» бойынша (70,2 балл) және «Жұмыс берушілер алдындағы беделі» бойынша (55,4 балл) және т.б. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының студенттерге қатынасы (90,7 балл) және шетелдік оқытушылар үлесі (78,8) бойынша да көрсеткіш ұлғайды.

ЖОО рейтингін бағалаудың негізгі критерийлері төмендегідей:
– студенттер саны мен оқытушылар құрамының ара қатынасы;
– ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі;
– шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі;
– академиялық бедел көрсеткіштері;
– жұмыс берушілер алдындағы бедел;
– бір оқытушыға шаққандағы басылымдар саны;
– ғылыми мақалалардағы дәйексөздер саны;
– Интернет кеңістігінде көріну дәрежесі және халықаралық бірлескен авторлық.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here