Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Осылайша Атырау қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Президент тарапынан жүктелген міндет жүзеге аса бастады. Құрылтайда жастардың ерекше тәуекел тобынажататындығына баса назар аударылып, дуломанияны басты әлеуметтік мәселелердің бірі екені аталған болатын.
Бұл тәуелділік өскелең ұрпаққаорасан зор зиян келтіреді. Осыған байланысты Қ.К.Тоқаев мемлекеттік органдарға азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмаройындарға қатысты шектеу қою бойыншажұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл жұмыстың нәтижесі тиісті заңнамалық қосымшаларды әзірлеу болып табылады.
Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады.
Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды. Бұл шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару шарасы қарастырылған. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді. Туризм және спорт министрлігі ойын мекемесінің, букмекерлік кеңсенің, тотализатордың, ставкаларды қабылдау және құмар ойындардың/бәс тігудің бірыңғай ережелерін бекітеді.
Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеу қойылды. Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды сыртқы (көрнекі) жарнамасына, сондай-ақ олардың қызметін көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кино -, видео-және анықтамалық қызмет көрсету орындарында жарнамалауға тыйым салынады.
Тек букмекерлік кеңсе немесе тотализатор орналасқан жердегі сыртқы жарнамаға; спорт ғимараттарының ішінде және спортшылардың киімінде; спорттық тақырыпқа маманданған және ресми тіркелген БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналар халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляция жасаған кезде жарнамалауға рұқсат етіледі.
Айта кетейік, Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, депутат Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс қабырғасында осы мәселеге байланысты баяндама жасады. Баяндамада құмар ойындарына тәуелділік пен оның алдын алу шараларын, сондай-ақ ұлт болашағына қатер төндіретін азғындықты кімдер қолдап жатқандығын да атап өтті. Лудоманияға қарсы арнайы заң қабылданып, тосқауыл қойылатынын қадап айтты.