Орталық Азияның қауіпсіздігі Астанада талқыланды

0
1136

Түбі бір түркі елдерінен құралған Орталық Азия мемлекеттері Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары бүгін Астанада бірінші кездесуде бас қосты. Кеңестің аты айтып тұрғандай, жиында тараптар негізінен қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерін талқылап, соның ішінде су-энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі жөнінде жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан тарапынан қатысып, алғашқы сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Орталық Азия мемлекеттері Президенттерінің мақсаткерлік күш-жігерінің және бірізді қадамдарының арқасында ортаазиялық ықпалдастық жаңа деңгейге көтеріліп отырғанын жеткізді.

«Бұл елдеріміз арасында орнаған сенім, достық пен тату көршіліктің сан ғасырлық дәнекерін нығайтуға деген ұмтылысты білдіреді. Қарым-қатынасымызды тереңдетуде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуі маңызды рөлге ие. Бірлескен өзара іс-қимылдың бұл үлгісі сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына айтарлықтай серпін берді», – деді кеңес хатшысы.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестеріне аталған мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда алдағы тамыз айында Астанада өтетін VI Саммиттің дайындық жұмыстары ойдағыдай жүріп жатқанын атап өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here