Ораз Қауғабай – Алматы облысының Құрметті азаматы

0
1632

Белгілі қонаевтанушы, кезінде ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабай биыл Димекеңнің 110 жылдығы аясында жер-жерде кездесулер өткізіп келеді.

Алматы облысының Іле, Қарасай және Жамбыл облысының Шу аудандарындағы жүздесулері жақсы жалғасты. Әсіресе, Қонаев қаласындағы көрме мен кездесу әсерлі болды. Өйткені, Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беру жөнінде 2005 жылы  қаламгер бастама көтерген болатын. Республика күні қарсаңында Қонаев қаласында қонаевтанушы Ораз Қауғабайға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салтанатты түрде «Алматы облысының Құрметті азаматы» белгісі мен куәлігін тапсырды.

Түркістан Халықаралық шығармашылық конкурсының жүлдегері енді Түркістан облысында өтетін Димекең мерейтойына қатысып, тағы да кездесулері жалғаспақ.

Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газетінің ұжымы газетіміздің тұрақты авторы Ораз Қауғабайды «Алматы облысының Құрметті азаматы» атануымен құттықтайды!

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here